Қытай Халық банкі (ҚХБ) 15 қаңтарда Сянганда сомасы 60 млрд юань (шамамен 8,3 млрд АҚШ доллары) болатын вексельдерді шығаруды жоспарлап отыр.
Вексельдер алты ай немесе 182 күн өтеу мерзімімен шығарылады, делінген ҚХБ мәлімдемесінде.
Бұл қадам Сянгандағы жоғары несиелік рейтингі бар юаньдік инвестициялық өнімдерді байыту және аймақтағы юань кірістілік қисығын жақсартуға бағытталған, делінген ҚХБ мәлімдемесінде. Бұл жолы вексельдердің жалпы құны бұрынғылардың барлығынан асып түседі, делінген «Шанхай чжэнцюаньбао» газетінде.
Талдаушылардың пікірінше, юаньдік вексель шығару оффшорлық нарықтағы юаньнің өтімділігін арттырып, юань бағамын тұрақтандырады. Бұл қадам юаньнің айырбастау бағамын тұрақтандырудың және нарықтық күтудің айқын белгісі болды, бұл валюта бағамының күрт ауытқуының ықтималдығын азайтуға көмектеседі, деді Ұлттық қаржы және даму институтының аға қызметкері Пан Мин.
Офшорлық юаньдік вексельдерін ұсынуды ұлғайту арқылы ҚХБ шетелдік инвесторлардың жоғары сапалы активтерге деген сұранысын қанағаттандыра алады, деп мәлімдеді China Everbright Bank-тің аға зерттеушісі Чжоу Маохуа. 2018 жылдың қараша айынан бастап Сянган біртіндеп ҚХБ вексельдерін шығарудың тұрақты тетігін қалыптастырды.