Үрімші қаласын /Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы/ түрік Ыстамбұлымен байланыстыратын жаңа әуе жүк бағыты бейсенбі күні ресми түрде іске қосылды.
Бейсенбі күні Үрімшінің Дивопу халықаралық әуежайынан Ыстамбұлға 55 тонна жүк тиеген алғашқы жүк ұшағы ұшып шықты. Әуежайдың кеден қызметінің хабарлауынша, бұл бағыт бойынша аптасына төрт рейс орындалады. Екі қала арасындағы жол жүру уақыты шамамен 7 сағатты құрайды.
Жаңа жүк тасымалдау бағыты Қытай мен Түркия арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы үшін көбірек әртараптандырылған іскерлік қызметтерді қамтамасыз етеді және сыртқы сауда кәсіпорындарының Азия мен Еуропа нарығына шығуы үшін логистикалық қолдауды күшейтеді, деп атап өтті Шыңжаңдағы халықаралық логистикалық компаниядан Хуа Чэнь.
«Белдеу және жол» бастамасы аясында Дивопу халықаралық әуежайы Орталық және Батыс Азияны, сондай-ақ Еуропаны қамтитын әуе логистикалық желіні құра отырып, 16 халықаралық жүк бағытын ашты. Негізгі импорттық тауарлар киім-кешек, азық-түлік, ірі ауқымды жабдық болса, экспортталатын тауарлар – күнделікті сұраныстың тауарлары, механикалық және электртехникалық бұйымдар, сондай-ақ жоғары технологиялық өнімдер.