2024 жылдың қорытындылары бойынша, Циндао қаласында орналасқан /пров. Шаньдун, Шығыс Қытай/ Қытай-ШЫҰ Аймақтық экономикалық және сауда ынтымақтастығы демонстрациялық аймағынан (бұдан әрі – «Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағы») TIR (Transports Internationaux Routiers) жүйесін пайдаланатын жүк көліктерінің жөнелтілімдерінің саны 283-ке жетті, деп хабарлады сейсенбіде Циндао кедені.
Аталған қызметтің мәліметі бойынша, 2024 жылы Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағынан TIR арқылы тасымалданған тауар көлемі 195 млн юаньға жетті (шамамен 27 млн АҚШ доллары). Сонымен қатар, TIR аясында аймақтағы жүк көліктерінің паркі 9-дан 150 бірлікке дейін өсті.
TIR /Transports Internationaux Routiers/ – БҰҰ конвенцияларына негізделген халықаралық трансшекаралық жүк тасымалы саласындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге арналған жаһандық жүйе. Ол кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыруға көмектеседі және кедендік ресімдеу рәсімдерін жеңілдету арқылы көпжақты сауда мен халықаралық тасымалдауды жеңілдету мен қауіпсіздігіне ықпал етеді. Қытай TIR-ға 2016 жылы қосылды. 2023 жылдың қыркүйегінде Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағында Қытай мен Ресейді байланыстыратын алғашқы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау бағыты іске қосылды. Өткен жылы Қытай-ШЫҰ демонстрациялық аймағында төрт жаңа бағыт пайда болды, атап айтқанда Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан, Қытай-Беларусь-Ресей, Қытай-Қазақстан және Қытай-Қазақстан-Ресей.