Қытай мен Индонезия валюталық своп келісімін ұзартты

1771
Фотосурет: Синьхуа

Қытай Халық банкі (ҚХБ, Қытайдың Орталық банкі)   Индонезия Банкімен екіжақты валюталық своп келісімін ұзартты.

Келісімнің жалпы құны 400 млрд юаньді (шамамен 55,79 млрд доллары) немесе 878 трлн индонезия рупиясын құрайды, делінген ҚХБ мәлімдемесінде.

ҚХБ мәліметінше, келісім 5 жылға жарамды және екі жақтың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

Валюталық своп келісімін жаңарту Қытай мен Индонезия арасындағы қаржылық ынтымақтастықты нығайтады, екіжақты сауда мен инвестицияны жеңілдетеді және қаржы нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, деп атап өтті ҚХБ.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -