2024 жылдың соңына қарай, Ляньюньган қаласында / Шығыс Қытай, Цзянсу провинциясы/ орналасқан ШЫҰ халықаралық логистикалық паркі арқылы Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан мультимодальды халықаралық жүк тасымалдау маршруты бойынша барлығы 2320 жүк пойызы өтті, деп хабарлады жергілікті Lianyungang Daily басылымы.
Оның мәліметінше, жоғарыда аталған бағыт бойынша тасымалданған стандартты контейнерлердің (жиырма фут эквиваленті, TEU) жалпы саны 4640 жетті. Құндық мәнде тасымалданған тауарлар көлемі 100 млн АҚШ долларынан асты, бұл ШЫҰ-ға мүше елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға және «Қытай-Қырғыстан-Өзбекстан» логистикалық дәлізінің өсуіне тиімді ықпал етті. 2022 жылдың 13 қазанында Ляньюньганды Ташкентпен байланыстырған «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» мультимодальды халықаралық жүк тасымалы аясында аталған логистикалық парктен бірінші жүк пойызы жолға шықты.
«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» мультимодальды көлік дәлізі Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан арқылы өтетін және автомобиль және теміржол көлігімен аралас жүктерді тасымалдау форматында жұмыс істейтін логистикалық магистраль болып табылады. Контейнерлер алдымен темір жол арқылы Қашқар Солтүстік станциясына /Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Солтүстік-Батыс Қытай/ жөнелтіледі, одан кейін Еркештам өткізу пункті арқылы Қытайдан автокөлікпен шығып, соңында Қырғызстан мен Өзбекстанға, одан әрі басқа елдерге жеткізіледі.
2020 жылы осы дәліз ашылғаннан бері Қытайдың Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағынан, Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағынан, Сычуань провинциясы мен Цзянсу провинциясынан екі бағытта жүк пойыздары кезек-кезек қатынай бастады.