Қытайда шағын және орта бизнестің даму индексі өсті

2024
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың шағын және орта бизнес қауымдастығы   сейсенбіде жариялаған мәліметтер көрсеткендей, сегіз негізгі саладағы ШОК санатындағы 3 мың кәсіпорын арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелеріне негізделген Қытайдың шағын және орта кәсіпорындардың /ШОК/ даму индексі қаңтар айында өсті.

Қауымдастықтың мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда шағын және орта бизнестің даму индексі 0,1 тармаққа өсіп, 89,0-ге жеткен.  Ұйымның мәліметінше, есепті айда нарықты, жұмыс күшін және инвестицияларды қосқанда 8 қосалқы индекстің 6-ы өсті.  Секторлар бойынша өнеркәсіп өндірісі, көлік, жылжымайтын мүлік, көтерме және бөлшек сату, әлеуметтік қызметтер және ақпарат жіберу бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету қосалқы индекстері сәйкесінше 0,1, 0,4, 0,2, 0,2, 0,5 және 0,3 тармаққа өсті.

Өңірлерге келетін болсақ, шығыс, батыс және солтүстік-шығыс өңірлер бойынша қосалқы индекстер тиісінше 0,1, 0,3 және 0,3 тармаққа өсіп, 89,7, 88,1 және 81,0 құрады.  Орталық аймақ бойынша қосалқы индекс 89,9 құрады, бұл өткен айдың көрсеткішіне тең.  Қытайда 90 пайыздан астам жеке компаниялар шағын және орта кәсіпорындар болып табылады, шағын және орта кәсіпорындардың  90 пайыздан астамы - жеке компаниялар.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -