Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің жастары үшін «Shanghe Youth Advanced Trainee Program» бағдарламасы аясында юриспруденция саласында тағылымдама басталды, деп хабарлайды Xinhua.
Шара аясында ШЫҰ елдерінің Заң ЖОО-лары қауымдастығының мүшелерінен 27 қатысушы халықаралық құқық бойынша дәрістерді тыңдап, танысу сапарларына барады және дәстүрлі Қытай мәдениетіне арналған бағдарламаларға қатысады.
Тағылымдаманың ашылу рәсімінде Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің проректоры Ло Лиган тағылымдаманың мақсаты халықаралық сот төрелігі саласында жоғары деңгейдегі дарынды мамандарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді «жалпыға қолжетімді білім беру өнімдерімен» қамтамасыз етуге көмектесу екенін атап өтті.
Алғашқы осындай тағылымдама 2024 жылы өтті. Биылғы іс-шара Үрімші мен Шанхайда /Шығыс Қытай/ өтеді, онда 2014 жылы Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінде орналасқан ШЫҰ /Қытай/ Халықаралық заңгерлік даярлау және ынтымақтастық орталығы ашылған.