Жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы Сиань қаласынан Малайзия астанасы Куала-Лумпурға жаңа әуе бағдары ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Xinhua.
Airbus A320 ұшағы «Сиань -Сяньян» халықаралық әуежайынан таңғы сағат 08:40 шамасында ұшып шықты. China Eastern Airlines күн сайын бару-қайту рейсін жасайды. Ұшу кезінде ұшақ Куньминде / Юньнань провинциясы, Оңтүстік-Батыс Қытай/ Бейжің уақытымен 11:15-те бір сағаттан сәл астамға аралық аялдама жасап, Куала-Лумпурға жергілікті уақыт бойынша 16:50-де жетеді. Қайтару рейсі Куала-Лумпурдан жергілікті уақыт бойынша 17:50-де ұшып, төрт сағаттан кейін Куньминге қысқа аялдама жасайды және келесі күні Бейжің уақытымен 01:35-те Сианьға қонады.
3100 жылдан астам бұрын құрылған Сиань әйгілі терракот жауынгерлерінің және көптеген тарихи орындардың отаны. Ол өзінің бүкіл тарихында Қытайдың 13 әулетінің астанасы болған. Бұл жаңа әуе көпірі саяхатшыларға Куала-Лумпурға ыңғайлы бағытпен ғана емес, Шэньси және көркем Юньнань, сонымен қатар экономикалық және мәдени алмасу үшін байланыстыратын буын ретінде қызмет етеді. Бұл өткен бейсенбіде «Сиань -Сяньян» әуежайында 5-терминал ашылғаннан кейінгі алғашқы халықаралық рейс.