Қытай 2025 жылы ұлттық қорғаныс шығындарын 7,2 пайызға арттыратынын жариялады, деп хабарлайды Xinhua.
14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-ші шақырылымының үшінші сессиясының қарауына ұсынылған 2024 жылғы орталық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы баяндама мен 2025 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің жобаларына сәйкес, биыл Қытайдың ұлттық қорғаныс шығындары 1,784665 трлн юань (шамамен 249 млрд АҚШ доллары) болады.