Дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан жаңа тәжірибелік коммуникациялық технологиялар жерсерігі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Xinhua.
Ұшыру Бейжің уақытымен 01:17-де «Чанчжэн-3В» /Long March-3B/ зымыран тасығышының көмегімен жүзеге асырылды. Жерсерік белгіленген орбитаға сәтті шықты.
Құрылғы бірінші кезекте көп ауқымды және жоғары жылдамдықты жерсеріктік байланыс технологияларын сынау үшін пайдаланылады. Ағымдағы ұшыру «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштарының 562-ші ұшырұ болды.