Қолданылған автокөліктер тиелген пойыз алғаш рет Чэнду қаласының /Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы, оңтүстік-батыс Қытай/ халықаралық теміржол портынан Өзбекстан астанасы Ташкентке қарай шықты, бұл Чендудан Орталық Азия елдеріне қолданылған автокөліктер экспорты халықаралық теміржол арнасының ашылуын білдіреді, деп хабарлайды «Сычуань Жибао» корпорациясы жанындағы ақпараттық портал, деп хабарлайды Xinhua.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде шекараны кесіп өтетін жүк пойызы қазақстандық Алматы қаласынан өтіп, Ташкент қаласына 12 күн ішінде келеді деп күтіледі.
Жалпы құны бірнеше миллион юань (1 АҚШ доллары = 7,17 юань) болатын жүк тиелген қолданылған көліктер Чэнду қаласының Шуанлю ауданындағы қытайлық қолданылған көлік қоймасынан келген. Аталған база операторы «Сылу Игоу» жергілікті ғылыми-технологиялық компаниясы бас директорының орынбасары Ли Цзиннің айтуынша, бұл пойыздың іске қосылуы автожол тасымалымен салыстырғанда тасымалдау уақытын үштен бір есеге қысқартты, сонымен қатар өнімнің жоғалу қаупін азайтты.
Чэнду - Қытайдағы қолданылған көліктерді экспорттай бастаған алғашқы қалалардың бірі. Деректерге сәйкес, 2024 жылы бір ғана Шуанлюдағы осы база осындай көліктердің 6 мыңнан астамын экспорттады, ал экспорттық сауда көлемі 1 млрд юаньға жақындады.