Чэнду қаласынан /Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы, оңтүстік-батыс Қытай/ тұрмыстық техника мен басқа да тауарлар тиелген 47 вагондық жүк пойызы Өзбекстан астанасы Ташкентке жол тартты, бұл Қытайдың жүк пойыздарының қозғалысы кестесіне енгізілген тұрақты режимдегі Чэнду-Орталық Азия теміржол бағытының ресми ашылуын белгіледі, деп хабарлайды Xinhua.
Пойыз «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріне шамамен 10 күнде жетеді, барлығы 4800 шақырым жол жүріп өтеді. China Railways (CR) Чэнду филиалының хабарлауынша, бұл бағыттағы рейстер жексенбі күндері бекітілген кесте бойынша орындалады, бұл Қытайдың оңтүстік-батысы мен Орталық Азия арасындағы жүк тасымалы арналарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие.
Чэнду-Орталық Азия рейстерін ұйымдастырушы компанияның айтуынша, Чэнду мен Орталық Азия нарығындағы сұраныс бір-бірін толықтырып, екіжақты тауар айналымы жалғасуда, сондықтан белгілі бір кесте бойынша жұмыс істейтін жүк пойыздарын іске қосу қажеттілігі туындады.
Болашақта тоңазыту тізбекті логистика және трансшекаралық электронды коммерция аясында арнайы пойыздарды іске қосу мүмкіндігі де қарастырылады, деп қосты компания.
CR соңғы мәліметтері биылғы жылдың алғашқы үш айында Қытай-Орталық Азия арасында барлығы 3582 жүк пойызы рейсі орындалғанын көрсетіп отыр, бұл жылдық есептеуде 25,5 пайызға көп. Жүк пойыздарының жүру кестесіне сәйкес, Қытай мен Орталық Азия арасында 44 тұрақты жүк тасымалы теміржол бағыты бар, бұл ағымдағы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4-ке артық.