Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қазақстанның Алматы қаласы мен Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле-Қазақ автономиялық округының Инин қаласын байланыстыратын жаңа тұрақты жолаушы әуе бағытының жақын арада іске қосылатыны туралы хабарлады, деп хабарлайды Xinhua.
Алматы-Инин-Алматы жаңа маусымдық бағытының ашылуы ағымдағы жылдың 18 мамырына жоспарланған және бұл бағыттағы рейстер бейсенбі және жексенбі күндері орындалады, делінген әуе тасымалдаушының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламасында. Бір жақты ұшу уақыты шамамен бір сағатты құрайды.
2024 жылдың 15 сәуірінде China Southern Airlines халықаралық Инин – Алматы чартерлік рейсін ашты.
Еске салайық, 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қытай мен Қазақстан арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді. Өткен жылы Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып өтсе, биылғы жыл Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы болып жарияланды.