Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан халықаралық темір жолының негізгі элементтерінің бірі – тоннель құрылысының басталуына арналған іс-шара өтті. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Xinhua.
Шарада сөз сөйлеген Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Бакыт Торобаев Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы жай ғана көлік дәлізі емес, Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын стратегиялық маңызды «көпір» екеніне тоқталды.
"Бұл жобаның тек инфрақұрылымдық маңызы ғана емес. Ол халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық өсуге және аймақтар мен халықтар арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады. Ол сауда, инвестиция, индустриялық даму және логистика үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады, мыңдаған жұмыс орындарын қамтамасыз етеді және елдеріміздің экономикасына қуатты серпін береді. Біз жол салып қана қоймай, болашақты да салып жатырмыз", - деді Б.Торобаев.
Салынып жатқан тоннельдің жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайды. Ол Созақ ауданынан Тоғыз-Торо ауданына дейін созылады. Салыстырмалы ұзындықтағы тағы екі үлкен тоннельдің құрылысы Нарын және Жалал-Абад облыстарында жоспарлануда.
Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын бастау рәсімі 2024 жылдың 27 желтоқсанында өтті.