25 мамырда 18:05-те Т8701 пойызы оңтүстік Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының әкімшілі орталығы Наньнин қаласынан Вьетнам астанасы Ханойға аттанды, бұл бес жылдық үзілістен кейін Қытай мен Вьетнам арасындағы жолаушылар теміржол қатынасы қайта жанданғанын белгіледі, деп хабарлайды Xinhua.
Наньнин-Ханой халықаралық пойызы күн сайын жұмыс істейді, Наньниннен сағат 18:05-те шығып, келесі күні 06:30-да Ханойға жетеді. Кері пойыз Ханойдан 22:20-да шығып, келесі күні 10:06-да Наньнинге жетеді.
Пойыз билеттері қазір тек кассаларда сатылады. Жолаушылар билетті төлқұжаттарымен Гуйлинь, Наньнин, Чунцзо және Пинсян теміржол станцияларынан сатып ала алады. Саяхатшылар қағаз визасын немесе визасыз кіру құжаттарын алдын ала алып, шекара станцияларында кедендік рәсімдеуден өту керек.