Қытай Сауд Арабиясы, Оман, Кувейт және Бахрейннен келген қарапайым төлқұжат иелеріне 2025 жылдың 9 маусымынан 2026 жылдың 8 маусымына дейін 30 күн бойы елге визасыз кіруге рұқсат беру саясатын сынақтан өткізеді, деп хабарлады ҚХР СІМ баспасөз хатшысы Мао Нин, деп хабарлайды Xinhua.
Баспасөз брифингінде Мао Нин Қытайдың Парсы шығанағындағы төрт елге қатысты біржақты визасыз режим туралы жуырда жарияланған шешімінің егжей-тегжейлерін айтты.
Дипломаттың айтуынша, Қытайға бизнес, туризм, туыстарына немесе достарына бару, алмасу бағдарламалары бойынша немесе транзиттік мақсатта 30 күнге дейін келген бұл елдердің азаматтары кіру үшін виза алуға өтініш берудің қажеті жоқ.
"Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар Қытаймен 2018 жылдан бастап өзара визасыз режим енгізгенін ескере отырып, қазір визасыз режим Парсы шығанағындағы Араб елдері ынтымақтастық кеңесінің барлық елдерін қамтиды. Біз ПШАЕЫК елдерінен барған сайын көбірек достарды елімізге қалаған кезде, тосын саяхат форматында келуге шақырамыз", - деді Мао Нин.