Қытай Халық банкі (ҚХБ, Орталық банк) жариялаған мәліметтерге сәйкес, Қытайдағы технологияға бағытталған шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) осы жылдың бірінші тоқсанында күшейтілген несиелік қолдау алды, деп хабарлайды Xinhua.
Бірінші тоқсанның соңында технологиялық ШОК 49,6 пайызы несие алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыздық тармаққа көп, делінген ҚХБ есебінде. Технологияға бағытталған шағын және орта кәсіпорындарға ұлттық және шетелдік валютада берілген өтелмеген несиелердің қалдығы 3,33 трлн юаньді (463 млрд АҚШ долларын) құрады, бұл жылдық есептеуде 24 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш несиелендірудің жалпы өсімінен 17,1 пайыздық тармаққа асып түсті.
Есеп сонымен қатар жоғары технологиялық компанияларды несиелендірудің күшейгенін көрсетеді: бұл компанияларға жергілікті және шетелдік валютадағы өтелмеген несиелердің қалдығы бір жылдық ескптеуде 8,5 пайызға өсті, бұл несиелендірудің жалпы өсу қарқынынан 1,6 пайыздық тармаққа жоғары. Есепте бірінші тоқсанның аяғында жергілікті және шетелдік валютамен берілген жасыл несие көлемі 40,61 трлн юаньға жетіп, биылғы жылдың басынан 9,6 пайызға артты, делінген есепте. Жылжымайтын мүлік секторын несиелендіру тұрақталды: бірінші тоқсанның аяғында жылжымайтын мүлік саласындағы өтелмеген юаньдік несиелердің көлемі 53,54 трлн юаньға жетті, бұл жылдық есептеуде 0,04 пайызға артты. Бұл ретте жылжымайтын мүлікті дамытуға берілген несиелер көлемі 13,87 трлн юань болып, жылдың есептеуде 0,8 пайызға артты.