Аньхой арқылы Қытай-Еуропа бағытындағы 5 мың жүк пойызы өтті

1749
Фотосурет: Синьхуа

100 стандартты контейнер (20 футтық эквивалент, TEU) тиеген жүк пойызы шығыс Қытайдың Аньхой провинциясындағы Хэфэй қаласынан Ташкентке жол тартты. Осылайша, соңғы 11 жылда провинция арқылы өткен Қытай-Еуропа/Орталық Азия пойыздарының жалпы саны 5000-ға дейін жетті, деп хабарлайды «Давань синьвэнь» жаңалықтар порты. Статистикаға сәйкес, биылғы жылдың басынан бері Хэфэйден Орталық Азияға темір жол арқылы жүктері бар 5190 стандартты контейнер жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,88 пайызға артқан.

Аталған пойыз ҚХР мемлекеттік шекарасын Қазақстанмен шектесетін «Қорғас» бақылау өткізу бекетінен өтіп, Орталық Азия елдеріне жалпы құны 2 млн АҚШ долларын құрайтын тұрмыстық электроника, автокөлік бөлшектері мен шиналарды жеткізеді. Қытай-Орталық Азия халықаралық теміржол бағыттары бойынша тасымалдау Хэфэйде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа/Орталық Азия бағыттары Аньхой провинциясының әкімшілік орталығын әлемнің 20 еліндегі 170 теміржол станциясымен байланыстырады.

Қытай-Орталық Азия бағыттары бойынша теміржол қатынасының дамуы жергілікті өндірілген тауарлар экспортының өсуін ынталандырады. Бүгінгі таңда Хефэйден Chery, Jianghuai автоөндірушілері мен тұрмыстық электроника өндірушісі Changhong Meiling өнімдерін тасымалдау үшін арнайы жасалған 1500-ден астам жүк пойызы жөнелтілді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -