Үрімшіде «Қытай-Орталық Азия» ынтымақтастық және алмасу орталықтары ашылды

3168
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімшіде «Қытай-Орталық Азия» форматы ынтымақтастық орталығы және «Қытай-Орталық Азия» білім саласындағы алмасу және ынтымақтастық орталығы ашылды, деп хабарлайды Xinhua.

Екі орталықты құру туралы шешім осы жылдың 17 маусымында Астанада өткен 2-ші «Қытай-Орталық Азия» саммитінде жарияланған болатын.

«Қытай мен Орталық Азия» форматы ынтымақтастық орталығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Ауыл шаруашылығы және ауыл істері басқармасында, ал «Қытай-орталық Азия» білім саласындағы алмасу және ынтымақтастық орталығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Білім басқармасында орналасқан.

Бұл мекемелердің ашылу рәсімінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзян, «Қытай-Орталық Азия» форматының бас хатшысы Сунь Вэйдун және т.б. болды, деп хабарлайды «Синьцзян жибао» /«Синьцзян» күнделікті газеті/.

Жоғарыда аталған орталықтардың ашылуы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы алмасу мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Орталық Азия елдерінің аймақтары арасындағы тәжірибелік алмасулар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа кеңістігін кеңейтеді, деп жазады газет.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -