Қытай Мал шаруашылығы қауымдастығының делегациясы Орталық Азияда болды

1232
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың Мал шаруашылығы қауымдастығының (ҚМҚ) делегациясы жақында Қырғызстан мен Қазақстанға барып, академиялық алмасулар жүргізіп, осы елдердегі мал шаруашылығының даму жағдайымен таныс болды, делінген Қытайдың “Нуньминь жибао” /Farmer’s Daily/ газетінде жарияланған хабарламада, деп хабарлайды Xinhua.

Делегация құрамында ҚМҚ есек шаруашылығы филиалы, Қытай ауылшаруашылық университеті, Dong-E-E-Jiao Co., Ltd. компаниясы, ҚМҚ түйе шаруашылығы филиалы және Шанхай Цзяотун университеті сияқты ауыл шаруашылығымен байланысты 23 кәсіпорын мен мекемеден барлығы 29 адам болды.

Қазақстанда делегация мүшелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығында, сондай-ақ Астана маңындағы ауыл шаруашылығы базалары мен агрофермаларда болды.         

Делегация мүшелері Орталық Азияға осы жолғы танымдық сапары Қырғызстан мен Қазақстандағы түйе шаруашылығы мен есек шаруашылығын дамытудың жай-күйімен, осы елдердегі ірі қара, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығының даму үрдістерімен танысуға мүмкіндік бергенін, сондай-ақ олардың  өнеркәсіптік саясат, ресурстар және халықаралық саудамен байланысты әртүрлі аспектілер туралы түсінігін тереңдеткенін айтты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -