ҚХР-дағы ең ірі үш мұнай компаниясының бірі «Синопек» /Sinopec/ компаниясы Хубэй провинциясы мен Чунцин қаласының түйіскен жерінде 146 млрд текше метр дәлелденген қоры бар тақтатас газы кен орнының ашылғанын хабарлады. «Хунсин» деп аталатын жаңа кен орнының ашылуы Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл кен орнындағы газ 3,3-5,5 км тереңдікте жатыр. «Синопек» компаниясының хабарлауынша, кен орнының геологиялық құрылымы өте күрделі, бұл оны барлау мен игеруде үлкен қиындықтар туғызады. Технологиялық инновациялардың арқасында бұл кен орнындағы бір ұңғымадан сынамалы газ өндіру көлемі тәулігіне 89 мыңнан 323,5 мың текше метрге дейін өсті.
Қазіргі уақытта Sinopec компаниясы «Фулин», «Вэйжун», «Цицзян», «Юнчуань» және «Хунсин» кен орнын қоса алғанда, бес ірі тақтатас газы кен орындарын игеруде. Атап айтқанда, Чунциндегі «Фулин» кен орнында тақтатас газының қоры 1 трлн текше метрден асады, ал қалған төрт кен орнында 100 млрд текше метрді құрайды.