Көктем мерекесіне (Чуньцзе — ай күнтізбесі бойынша қытай Жаңа жылы) байланысты жолаушылар тасымалының ең жоғары кезеңі саналатын «чуньюнь» аптасының алғашқы жеті күнінде Қытайда 1,4 миллиардтан астам өңіраралық сапар жасалды. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚХР Көлік министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Xinhua.
Ведомство деректеріне сәйкес, 2–8 ақпан аралығында ел тұрғындары автомобиль көлігімен 1,3 миллиардтан астам сапар жасаған. Ал теміржол, су және әуе көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны тиісінше 86 миллион, 4,9 миллион және 16 миллион адам-ретті құрады.
Жексенбі күні, яғни 2026 жылғы «чуньюнь» кезеңінің жетінші күнінде, ел бойынша өңіраралық жолаушылар ағыны 227,71 миллион сапарға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға артты.
Биыл Көктем мерекесі, яғни қытай Жаңа жылы, 17 ақпанға сәйкес келеді, ал мерекелік демалыс 9 күнге созылады. Жыл сайынғы «чуньюнь» кезеңі әлемдегі ең ауқымды маусымдық көші-қон ретінде аталады. Болжам бойынша, 2 ақпаннан 13 наурызға дейінгі 40 күн ішінде елде рекордтық 9,5 миллиард өңіраралық жолаушылар сапары жасалады.