Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Тараптар күрделі халықаралық жағдайға қарамастан, екіжақты қарым-қатынастың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Xinhua.
Ван И екі ел көшбасшылары арасындағы сенімге негізделген байланыс стратегиялық әріптестіктің кепілі екенін айтты. Пекин Венгрия үкіметінің Қытайға қатысты дәстүрлі достық саясатын жоғары бағалайды.
Қытай Венгрияның ұзақ мерзімді әрі сенімді стратегиялық серіктесі болып қала бермек. Өзара құрмет пен теңдікке негізделген қатынастардың даму әлеуеті жоғары екені айтылды.
Өз кезегінде Виктор Орбан 2024 жылғы Си Цзиньпиннің Венгрияға сапары екі ел арасындағы тарихи достықты жаңа деңгейге көтергенін мәлімдеді.