Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы шекаралық Эрэн-Хото қаласы мен Беларусь астанасы Минск арасында арнайы құрлық жүк маршрутының сынақтық жұмысы басталды, деп хабарлайды Xinhua.
Жаңа бағыт жергілікті сыртқы сауда кәсіпорындары мен трансшекаралық электрондық коммерция операторларына қауіпсіз әрі тиімді логистикалық қызмет ұсынуға бағытталған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жоба Қытай–Еуропа бағытындағы трансшекаралық логистика желісін нығайтып, Эрэн-Хото өткізу бекетінің халықаралық ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.