Си Цзиньпин Африка одағының 39-шы саммитіне орай құттықтау жолдады

979
Фотосурет: Xinhua

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Африка одағының төрағасы, Ангола Президенті Жоау Лоуренсуға және Африка одағы комиссиясының төрағасы Махамуд Али Юсуфқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Xinhua.

Си Цзиньпин әлемде соңғы жүз жылда болмаған ауқымды өзгерістер жүріп жатқанын, ал Жаһандық Оңтүстіктің ықпалы артып келе жатқанын атап өтті. Ол Африка одағының бірлік сақтай отырып, интеграцияны ілгерілеткенін және Африканың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғағанын айтты.

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қытай ҚХР-мен дипломатиялық қатынасы бар 53 африкалық ел үшін нөлдік кедендік баж саясатын толық енгізеді. Сонымен қатар Қытай экономикалық әріптестік келісімдерін ілгерілетуді және «жасыл дәлізді» жаңғырту арқылы африкалық өнімдердің Қытай нарығына қолжетімділігін кеңейтуді жалғастырады.

Қытай Африкамен тарихи достықты жалғастырып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа дәуірдегі ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -