2025 жылы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы алғаш рет 100 млрд АҚШ долларынан асып, 2024 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты, деп хабарлайды Xinhua.
Сонымен қатар Қытай алғаш рет Орталық Азияның барлық бес елі үшін ең ірі сауда серіктесіне айналды.
Дүниежүзілік экономика өсімінің баяулауы мен халықаралық сауда жүйесіне түскен қысым жағдайында бұл көрсеткіш жаңа тарихи рекорд болып отыр әрі Қытайдың аса ірі нарығы өңір елдеріне ұсынатын мүмкіндіктерді айқындайды.
Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған бейнесаммитте Қытай өзінің аса ірі нарығын өңір елдеріне ашуға, жоғары сапалы өнімдер мен ауыл шаруашылығы тауарлары импортын ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.
ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И 15-бесжылдық кезеңінде (2026–2030 жж.) Қытай Орталық Азия елдерімен мазмұнды әрі тиімді ынтымақтастықты тереңдететінін айтты.
Қытай Сауда министрлігінің өкілі Ван Чжихуа Қытайдың тек «әлем фабрикасы» ғана емес, сонымен қатар «әлемдік нарыққа» айналуға ұмтылатынын атап өтті.
Бүгінде Орталық Азиядан жеткізілетін бал, жеміс-жидек, бидай секілді жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері Қытай нарығына тұрақты түрде түсуде. 100-ден астам өнім түріне Қытайға экспортқа ресми рұқсат берілген, ал 4 мыңнан астам кәсіпорын Қытай нарығына қол жеткізген.
Жасыл энергетика, цифрлық экономика және заманауи ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық та тереңдей түсуде.