Хайнань еркін сауда порты тұрғындарына арналған импорттық тауарларға «нөлдік тариф» саясаты енгізілгеніне бір ай болды. Хайкоу кеденінің мәліметінше, деп хабарлайды Xinhua.
11 ақпан мен 10 наурыз аралығында Duty Free дүкендеріне 28 мың рет келу тіркеліп, осы саясат аясында сатылған тауарлардың жалпы көлемі 5,37 млн юаньға (шамамен 779 мың АҚШ доллары) жетті.
11 ақпанда Хайнань аралында бір мезгілде бес Duty Free дүкені ашылды. Олар Хайкоу, Санья және Даньчжоу қалаларында орналасқан және күнделікті тұтыну тауарларын баж салығынсыз сатуға маманданған.
Бұл дүкендерден сатып алу мүмкіндігі Хайнань провинциясында жеке куәлігі, тұруға рұқсаты немесе әлеуметтік сақтандыру картасы бар Қытай азаматтарына, сондай-ақ аралда жұмыс істейтін және тұратын шетел азаматтарына берілген.
Қазіргі уақытта «нөлдік тариф» саясаты азық-түлік пен сусындар, жеке гигиена құралдары, тұрмыстық заттар және ана мен балаға арналған өнімдерді қоса алғанда, 200-ден астам тауар түріне қолданылады.
Бір адамға арналған жылдық сатып алу лимиті 10 мың юаньды құрайды, ал сатып алу санына шектеу қойылмаған.