6-шы Қытай халықаралық тұтыну тауарлары ЭКСПО-сы (CICPE) 13–18 сәуір аралығында Хайнань провинциясының әкімшілік орталығы Хайкоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл туралы баспасөз конференциясында хабарланды.
Қытайдың Коммерция министрлігі мен Хайнань провинциясының үкіметі бірлесіп ұйымдастыратын бұл көрме өткен жылы Хайнань еркін сауда порты аумағында тәуелсіз кедендік операциялар режимі енгізілгеннен кейінгі алғашқы осындай іс-шара болмақ. Биылғы көрменің құрметті қонағы Канада болады.
Көрменің негізгі алаңы дәстүрлі түрде Хайкоудағы Хайнань халықаралық көрме орталығы болады. Сонымен қатар екі арнайы аймақ ұсынылады: Санья қаласындағы халықаралық яхта көрме аймағы және Боао Лэчэн халықаралық медициналық туризм пилоттық аймағындағы денсаулыққа бағытталған тұтыну көрмесі.
Сондай-ақ жаңа өнімдердің таныстырылымдары, сұраныс пен ұсынысты байланыстыру кездесулері және тұтынуды ынталандыруға бағытталған 10-нан астам тақырыптық іс-шара өткізіледі. Бұдан бөлек, Хайнань еркін сауда портының тұтыну мүмкіндіктерін көрсетуге арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.
2025 жылы өткен 5-ші CICPE көрмесі барлық алдыңғы көрсеткіштерден асып түсіп, әлемнің 71 елінен және өңірінен 1767 компания мен 4209 тұтыну брендін жинады.