Азия жаһандық экономиканың негізгі өсу қозғаушысы болып қала береді және 2026 жылы өңір экономикасының өсімі 4,5 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Боао Азия форумында жарияланған баяндамада айтылды, деп хабарлайды Xinhua.
Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша Азияның әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылғы 49,2 пайыздан 2026 жылы 49,7 пайызға дейін өседі деп болжануда. Баяндамада Азиядағы сауда интеграциясының негіздері одан әрі нығайып келе жатқаны атап өтіледі. Ішкі өңірлік сауда тәуелділігі 2023 жылғы 56,3 пайыздан 2024 жылы 57,2 пайызға дейін артқан.
Құжатта Қытай мен АСЕАН өңірлік тұрақтылықтың негізгі тіректерінің бірі ретінде ерекшеленетіні айтылған. Азия-Тынық мұхиты өңірінің экономикалары жаһандық құн тізбектеріне жеке интеграция моделінен өңірлік бірлескен интеграция моделіне көшіп, қосылған құн тізбегінің жоғары деңгейіне көтерілуде.
Азия өңірі шетелдік инвестициялар үшін әлемдегі ең тартымды аймақ болып қала береді. Қытай мен АСЕАН шетелдік капитал үшін ең тартымды бағыттар ретінде алға шыққан. Сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы даму орталығы біртіндеп Еуропа мен АҚШ-тан Азияға қарай ауысуда.