Қытайда өзін-өзі күту қабілеті орташа және ауыр деңгейде төмендеген қарт адамдарға арналған қызметтерді субсидиялау бағдарламасы 1,05 млн-нан астам адамды қамтыды. Бұл туралы Қытайдың Азаматтық істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Xinhua.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылған бағдарлама аясында ел бойынша жалпы сомасы 2,35 млрд юань болатын 3 млн-нан астам тұтыну ваучері пайдаланылған. Бұл күтім қызметтеріне деген сұранысты 11,5 млрд юаньға дейін арттырды.
Субсидиялар ай сайын электрондық купондар түрінде беріледі. Оларды үйде көрсетілетін түрлі медициналық және тұрмыстық қызметтерге төлеу үшін пайдалануға болады. Олардың қатарында тамақтануға көмек көрсету, қозғалысты қамтамасыз ету, гигиеналық қызметтер, тұрғын үйді тазалау, шұғыл және медициналық көмек, оңалту қызметтері және күндізгі күтім бар.
Министрлік бағдарламаны кеңейту үшін рәсімдерді жеңілдетіп, қызмет сапасын арттырып, бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.