Халықаралық нарықта мұнай бағасының күрт өсуіне байланысты Қытайда бензин мен дизель отынының бөлшек бағасын бақылау бойынша уақытша шаралар енгізілді, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік даму және реформалар комитеті хабарлады.
Аталған шаралар мұнай бағасының күрт өсуінің салдарын жеңілдетуге, тұтынушыларға түсетін жүктемені азайтуға және экономиканың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қолданыстағы баға қалыптастыру механизмі бойынша бензин мен дизель бағасы тиісінше тоннасына 2205 юань және 2120 юаньға өсуі тиіс болатын. Алайда енгізілген шаралардың арқасында баға өсімі тиісінше 1160 юань және 1115 юань деңгейінде шектелді.
Бұл 2013 жылдан бері алғаш рет енгізілген бақылау механизмі болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл шаралар халықаралық нарықтағы бағаның күрт өсуіне тиімді жауап болып табылады.