Цифрлық трансформация Азиядағы тұрақты дамудың жаңа қозғаушы күшіне айналды, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл туралы «Азия және әлем – 2026: жаһандық өзгерістер жағдайындағы Азияның тұрақты дамуы» атты баяндамада айтылған.
2025 жылы Азияның цифрлық экономикасының көлемі 27 трлн АҚШ долларына жетіп, өңірдің жалпы ішкі өнімінің 46 пайызын құрады.
Жасанды интеллект өңірдегі экономикалық өсім мен әлеуметтік прогрестің маңызды факторы болып отыр. Оның кеңінен енгізілуі өнімділік құрылымын өзгертуде, шағын және орта кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етуде.
Сонымен қатар «жасыл» цифрлық технологиялар төмен көміртекті экономикаға көшуге мүмкіндік беріп, өнеркәсіптің тұрақты дамуына негіз болуда.