Қытайдың көпобъектілі талшықты спектроскопиялық телескопы LAMOST 30,82 млн спектрден тұратын жаңа деректер жиынтығын жариялады, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл деректер жиынтығы 2011 жылдың қазанынан 2025 жылдың маусымына дейінгі бақылауларды қамтиды. Оның құрамына төмен және орташа ажыратымдылықтағы спектрлер кіреді.
Бүгінгі таңда әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінен 1900-ден астам зерттеуші осы деректерді пайдаланып, 2200-ден астам ғылыми мақала жариялады.
LAMOST жобасы Қытайдағы астрономия саласындағы алғашқы ірі ұлттық ғылыми-техникалық инфрақұрылым болып табылады және әлемдегі ең ірі спектрлік деректер қорларының бірі болып саналады.