Қытайдың азаматтық авиация саласы жазғы-күзгі ұшу маусымына арналған жаңа кестелерді енгізе бастады. Қытайдың Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, халықаралық рейстер саны жылдық есепте 1,8 пайызға артады, деп хабарлайды Xinhua.
Ағымдағы жазғы-күзгі ұшу маусымы 24 қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде 222 отандық және шетелдік әуе компаниясы аптасына жалпы саны 121 мың жолаушылар және жүк рейстерін орындайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге шамалас.
Атап айтқанда, 191 қытайлық және шетелдік әуе тасымалдаушы аптасына 21 мыңнан астам халықаралық рейс орындауды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға көп. Әуе маршруттары желісі әлемнің 86 елін қамтиды. Жақында бұл тізімге Кипр де қосылды.
Жоспарға сәйкес, 61 әуе компаниясы аптасына 97 428 жолаушылар және 2 538 жүк ішкі рейстерін орындауды көздеп отыр. Аталған тасымалдаушылардың 34-і 434 жаңа ішкі бағытты іске қосады. Бұл бағыттар негізінен Қытайдың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерін елдің шығыс және орталық-оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.