2026 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан Нинбо-Чжоушань портының жүк айналымы 245 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға жоғары, деп хабарлайды Xinhua.
Сонымен қатар есепті кезеңде порттың контейнер айналымы 7,987 млн стандартты контейнерді (TEU) құрап, жылдық есепте 19,8 пайызға артты.
Қазіргі уақытта портта 300-ден астам контейнерлік тасымал бағыттары жұмыс істейді. Бұл бағыттар әлемнің 200-ден астам елдері мен өңірлеріндегі 700-ден астам портты қамтиды.