2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғас және Алашанькоу теміржол өткізу бекеттері арқылы жүк айналымы тиісінше 3,712 миллион және 5,127 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 10,3 пайызға және 12,4 пайызға көп. Бұл туралы «Қытай темір жолдары» корпорациясының Үрімші филиалының деректерінде айтылған.
Деректерге сәйкес, алғашқы үш айда Қорғас теміржол өткізу бекеті арқылы Қытай–Еуропа және Қытай–Орталық Азия бағыттары бойынша 2 550 жүк пойызы өткен, бұл жылдық есеппен 7,4 пайызға артқан. Ал Алашанькоу өткізу бекеті арқылы өткен пойыздар саны 2 177-ні құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға өсті.
Қазіргі уақытта Қорғас теміржол өткізу бекеті арқылы Қытай–Еуропа және Қытай–Орталық Азия халықаралық жүк тасымалдары аясында 91 бағыт жұмыс істейді, олар 18 шетелдік елмен байланыс орнатады. Ал Алашанькоу арқылы өтетін мұндай бағыттардың саны 128-ге жетіп, 21 елді қамтиды.