2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жылдық есеппен 46,6% артып, 13,243 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының ресми сайтында жарияланған деректер көрсетеді.
Мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде Қытайдан Қазақстанға экспорт 7,1% өсіп, 6,443 млрд АҚШ долларына жетті, ал Қазақстаннан Қытайға импорт 125,2% ұлғайып, 6,8 млрд АҚШ долларын құрады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында екі ел арасындағы тауар айналымы 3,4932 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қытайдан Қазақстанға экспорт 1,9146 млрд АҚШ долларына, ал Қазақстаннан Қытайға импорт 1,5786 млрд АҚШ долларына тең болды.
Қытайдың Бас кеден басқармасының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 48,68 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 11% өсті.