Қытай ЕО-ның 7 компаниясын экспорттық бақылау тізіміне енгізді

880
Фотосурет: Xinhua

Қытайдың Сауда министрлігі Еуропалық одақтың жеті шаруашылық субъектісін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік мүдделерді қорғау және халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау талаптарын орындау мақсатында экспорттық бақылау тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Ведомствоның мәліметінше, экспорттаушыларға қосарлы мақсаттағы тауарларды келесі компанияларға жеткізуге тыйым салынады: FN Herstal, OMNIPOL a.s., HENSOLDT AG, EXCALIBUR ARMY spol. s r.o., SPACEKNOW INC. odstepny zavod s.r.o., VZLU AEROSPACE a.s. және FN Browning.

Сонымен қатар шетелдік ұйымдар мен жеке тұлғаларға Қытайда өндірілген қосарлы мақсаттағы тауарларды аталған субъектілерге беруге немесе жеткізуге тыйым салынады. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан осындай қызмет түрлері дереу тоқтатылуы тиіс екені атап өтілді.

Қосарлы мақсаттағы тауарларға азаматтық және әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін өнімдер, технологиялар немесе қызметтер жатады. Олар, әсіресе, жаппай қырып-жою қаруын және оны жеткізу құралдарын әзірлеу, өндіру немесе қолдану кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Министрліктің ресми өкілі бұл шаралар Қытай заңнамасына сәйкес қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ олар жарияланбас бұрын еуропалық тарапқа экспорттық бақылау жөніндегі екіжақты диалог тетігі арқылы алдын ала хабарланған.

Өкілдің айтуынша, бұл шешім тек Тайваньға қару-жарақ жеткізуге қатысы бар немесе онымен байланыста болған өте шектеулі еуропалық компанияларға қатысты қабылданған. Қабылданған шаралар тек қосарлы мақсаттағы тауарларға қатысты болып, Қытай мен Еуропа арасындағы қалыпты сауда-экономикалық байланыстарға әсер етпейді.

Қытай үкіметі алдағы уақытта да басқа елдермен бірге әлемдегі бейбітшілік пен өңірлік тұрақтылықты қорғауға, сондай-ақ жаһандық өндірістік және жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш салатынын мәлімдеді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -