Мамыр мерекесіне орай демалыс кезеңінде Қытайда жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуі күтіледі.
Қытай темір жолдары мәліметінше, 29 сәуір мен 6 мамыр аралығында ел бойынша шамамен 158 млн теміржол жолаушы сапары жүзеге асырылады.
Осы кезеңде тәулігіне орта есеппен 12 мың жолаушылар пойызы қатынайды. Ең жоғары жүктеме 1 мамырға болжанып отыр — бұл күні шамамен 24,5 млн сапар тіркелуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, жолаушылар ағынының артуы туризмге, туыстарға баруға және демалысқа деген жоғары сұраныспен байланысты. 30 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша 12306 билеттер платформасы арқылы мереке кезеңіне 83,02 млн билет сатылған.
Теміржол органдары жолаушылар ағынын тұрақты бақылап, сұранысты қанағаттандыру үшін қызмет көлемін икемді түрде арттыруда.