10-шы Қытай-Ресей ЭКСПО-сы 17-21 мамыр аралығында Харбин қаласында өтеді

957
Фотосурет: Синьхуа

Алда өтетін 10-шы Қытай-Ресей ЭКСПО-сы жаңа дәуірдегі Қытай мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл туралы жұма күні ҚХР Сауда министрлігінің тақырыптық баспасөз мәслихатында хабарланды.

«Сенім. Ынтымақтастық. Өзара тиімділік» тақырыбымен өтетін 10-шы Қытай-Ресей ЭКСПО-сы 17-21 мамыр аралығында Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласында ұйымдастырылады. Бұл Қытай мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ең ауқымды әрі жоғары деңгейдегі кешенді көрме іс-шарасы болып табылады.

Хэйлунцзян провинциясының халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Ван Синьмэйдің айтуынша, биылғы ЭКСПО-ның жалпы көрме аумағы 55 мың шаршы метрді құрайды. Іс-шараға әлемнің 46 елі мен өңірінен 1500-ден астам кәсіпорын қатысады, олардың шамамен 300-і — ресейлік компаниялар.

Көрмені сондай-ақ 5 мыңнан астам адамнан тұратын ресейлік сатып алушылар делегациясы тамашалайды. ЭКСПО аясында Қытай тарапынан құрметті қонақ провинциялар ретінде Гуандун /Оңтүстік Қытай/ мен Цзянси /Шығыс Қытай/ провинциялары, ал Ресей тарапынан құрметті қонақ қала ретінде Мәскеу белгіленгені белгілі болды.

Екі ел өңірлері арасындағы өндірістік байланыстарды, сауда-экономикалық және мәдени алмасуларды тереңдетуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -