Синьхуа ақпарат агенттігінің бас директоры Фу Хуа жұма күні Бейжіңде ҚХР-дағы Мысыр елшісі Халед Назмимен кездесу өткізді.
Фу Хуа Қытай мен Мысыр ежелгі өркениеттер әрі Жаһандық Оңтүстіктің маңызды елдері ретінде қазіргі әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда елеулі күш болып табылатынын атап өтті.
Биыл Қытай мен Мысыр арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 70 жыл толатынын айта келе, Фу Хуа Синьхуа БАҚ пен талдау орталықтарының әлеуетін іске қосу арқылы Қытай-Мысыр байланыстарын тереңдетуге бұдан да зор үлес қосуға ниетті екенін мәлімдеді. Фу Хуа екі тарапты БАҚ пен талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, Жаһандық Оңтүстіктің даму тәжірибесімен алмасуға және Қытай мен Мысыр арасындағы практикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеуге шақырды.
Х. Назми өз кезегінде БАҚ екі ел халықтары арасындағы коммуникация мен өзара түсіністікті нығайтуда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол мысырлық тарап екі ел арасындағы алмасулар мен ынтымақтастықты ілгерілету үшін Синьхуамен күш біріктіруге, сондай-ақ мысырлық және қытайлық екі ежелгі өркениеттің жаңа өміршең күш-қуатпен жарқырай түсуіне ықпал етуге ниетті екенін айтты.