Қытай билігі «ЖИ плюс» стратегиясын жүзеге асыру аясында жасанды интеллект (ЖИ) агенттерін реттеу мен инновациялық дамытуды ынталандыруға бағытталған нұсқаулық қағидаттарды жариялады. Құжатты Қытайдың Киберкеңістік басқармасы, Мемлекеттік даму және реформалар комитеті және Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі бірлесіп әзірледі.
Құжатқа сәйкес, ЖИ-агенттер автономды түрде қабылдау, есте сақтау, шешім қабылдау, өзара әрекеттесу және тапсырмаларды орындау қабілетіне ие интеллектуалды жүйелер ретінде айқындалады. Нұсқаулықта қауіпсіздік, стандарттау, инновациялық даму және технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Құжат технологиялық инфрақұрылым мен стандарттарды дамытуды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, сондай-ақ ғылыми зерттеулерден бастап өнеркәсіп, қоғамдық қызметтер мен әлеуметтік басқаруға дейінгі 19 негізгі салада ЖИ технологияларын ілгерілетуді көздейді. Сонымен қатар, билік жасанды интеллект саласындағы инновациялық экожүйені қалыптастыруды және ынтымақтастықты кеңейтуді қолдамақ.