Қытайда алтын тұтыну көлемі 4,41% өсті

726
Фотосурет: Xinhua

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қытайда алтын тұтыну көлемі 4,41% өсті. Өсім негізінен алтын құймалары мен монеталарға деген жоғары сұраныспен байланысты болды, деп хабарлады сенбі күні Қытайдың алтын қауымдастығы.

Ұйымның мәліметінше, қаңтар-наурыз айларында елдегі алтын тұтыну көлемі 303,29 тоннаға жетті. Оның ішінде алтын құймалары мен монеталарға сұраныс 46,4% өсіп, 202,06 тоннаны құрады. Ал зергерлік бұйымдарға сұраныс 37,1% төмендеп, 84,62 тонна болды.

Өнеркәсіпте және басқа салаларда алтын тұтыну 7,43% азайып, 16,61 тоннаны құрады.

Сонымен қатар бірінші тоқсанда Қытайда алтын биржалық қорларына /ETF/ 50,44 тонна көлемінде қаражат құйылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,88% көп. Наурыз айының соңындағы жағдай бойынша ETF қорларындағы алтын көлемі 298,29 тоннаға жетті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -