Қытай Халық банкі (ҚХБ, Орталық банк) мен Сербия Ұлттық банкі екіжақты валюталық своп туралы келісімге қайта қол қойды.
Қытай Халық банкінің бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, келісім аясындағы валюталық своп көлемі бұрынғы 1,5 млрд юаньнан (шамамен 220 млн АҚШ доллары) 5 млрд юаньға дейін ұлғайтылды.
Аталған келісім бес жыл мерзімге жасалған және тараптардың өзара келісімі негізінде ұзартылуы мүмкін.
Мәлімдемеде екіжақты валюталық своп туралы келісімнің қайта жасалуы және оның көлемінің ұлғаюы Қытай мен Сербия арасындағы валюта-қаржы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні атап көрсетілген. Бұл өз кезегінде екіжақты сауда мен инвестициялық қызметті жеңілдетуге және қаржы нарығының тұрақтылығын қолдауға мүмкіндік береді.