Қытай су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қажетті тауарлармен қамтамасыз етті

682
Фотосурет: Xinhua

Қытай жақында нөсер жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді бірінші кезекте қажетті тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етті. Бұл туралы бейсенбі күні Қытайдың Сауда министрлігі хабарлады.

Министрліктің ресми өкілі Хэ Ядун баспасөз мәслихатында қазіргі уақытта ел бойынша күнделікті тұтыну тауарлары нарығының тұрақты жұмыс істеп тұрғанын және олардың қоры жеткілікті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы су тасқыны маусымы басталғалы Қытайдың көптеген оңтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын түсіп, су тасқыны мен нөсерлі жаңбырларға себеп болған.

Министрлік табиғи апаттан зардап шеккен және оған іргелес аудандардағы негізгі жабдықтаушы кәсіпорындардың тауар қорларын үйлестіру жұмыстарын күшейтіп, тұрғындарды қажетті тауарлармен толық қамтамасыз ету шараларын қолға алған.

Хэ Ядунның айтуынша, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласы мен Гуйчжоу провинциясының, сондай-ақ орталық өңірдегі Хунань және Хубэй провинцияларының коммерциялық органдары да су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жергілікті жеткізуші кәсіпорындар арқылы қажетті тауарларды жөнелтуді ұйымдастырған. Сонымен қатар тауар қорлары ұлғайтылып, өнім тапшылығы мен жеткізілімдердің үзілуіне жол бермеу шаралары қабылданған.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -