Қытай Халық-азаттық армиясы Оңтүстік әскери аймағы қолбасшылығының (ҚХАА ӘТҚ) әскери-теңіз және әскери-әуе күштері жексенбі күні Қытайдың Хуанъяньдао аралының аумақтық суларында, оның үстіндегі әуе кеңістігінде және оған іргелес аудандарда жауынгерлік әзірлік жағдайындағы патрульдеу жүргізді.
ҚХАА Оңтүстік әскери аймағы қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде Хуанъяньдао аралы Қытай аумағының ажырамас бөлігі екені атап өтілді. Сондай-ақ мамыр айынан бастап аралдың аумақтық сулары мен әуе кеңістігінде, сондай-ақ оған жақын аудандарда патрульдік қызметтің қарқындылығы арттырылғаны хабарланды.
Мәлімдемеде мұндай патрульдеу шаралары әртүрлі құқық бұзушылықтар мен арандатушылық әрекеттерге қарсы тиімді жауап ретінде қарастырылатыны айтылған.
ҚХАА Оңтүстік әскери аймағы қолбасшылығының мәліметінше, бұл іс-шаралар Қытайдың аумақтық егемендігі мен қауіпсіздігін сенімді қорғауға, сондай-ақ Оңтүстік Қытай теңізіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған.