Қытай ӘТК-нің госпиталь кемесі Оңтүстік Қытай теңізіне миссиямен аттанды

649
Фотосурет: Синьхуа

Қытай Халық-азаттық армиясы Әскери-теңіз күштерінің «Жібек жолының кемесі» атты госпиталь кемесі жексенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжаньцзян қаласындағы әскери порттан Оңтүстік Қытай теңізіндегі аралдар мен елдің оңтүстік жағалауына қарай жолға шықты.

Алдағы миссия барысында жүзбелі госпитальдың медицина қызметкерлері аралдарда орналасқан әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық кеңес беріп, профилактикалық тексерулер жүргізеді. Сонымен қатар дәстүрлі қытай медицинасы негізіндегі физиотерапиялық ем-шаралар, хирургиялық операциялар және санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылады.

«Жібек жолының кемесі» экипажы теңіздегі құтқару операцияларын пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізеді, сондай-ақ медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеді.

«Жібек жолының кемесі» 2024 жылы пайдалануға берілген болатын. Ол Қытайдың өз күшімен жобаланып, салынған су сыйымдылығы 10 мың тонналық екінші госпиталь кемесі саналады.

Жақында, сәуір айының соңында, кеме шетелдегі 234 күндік миссиясын аяқтады. Осы сапар барысында қытайлық әскери дәрігерлер Науру, Фиджи, Тонга, Ямайка, Барбадос және Папуа – Жаңа Гвинеяда 26 324 амбулаториялық қабылдау өткізіп, 2 724 хирургиялық операция жасаған.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -