Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан Цыси қаласы елдегі көгілдір селадон фарфорының астанасы ретінде бұрыннан танылған.
Соңғы жылдары мұнда Қытайдың материалдық емес мәдени мұрасының құрамына кіретін юэ пештерінде фарфор күйдірудің көпғасырлық дәстүрін сақтап қана қоймай, оны саларалық ықпалдастық арқылы жаңаша дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Жергілікті билік пен қолөнер шеберлері бұл бірегей өнердің болашақ ұрпаққа жетуін қамтамасыз етіп, сонымен қатар оны заманауи индустриялармен ұштастыру арқылы жаңа даму серпінін беруге күш салуда.