Қытайдың жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының қосылған құн көлемі 2026 жылдың алғашқы бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% өсті. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған ресми деректерде айтылды.
ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, биылғы мамыр айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі жылдық есепте 4,5%, ал айлық есепте 0,4% артқан.
Қытайда өнеркәсіптің қосылған құны негізгі қызметтен түсетін жылдық табысы 20 млн юаньнан (шамамен 2,94 млн АҚШ доллары) асатын жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік белсенділігін бағалау көрсеткіші ретінде пайдаланылады.
Салалар бойынша алғанда, мамыр айында тау-кен өндірісі секторындағы өсім 2,3%, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4% құрады. Ал электр энергиясын, жылуды, газды және суды өндіру мен жеткізу саласындағы өсім 7,6% жетті.