Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин дүйсенбі күні Бейжіңде Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қытай мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындылары саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде.